«Ертегілер еліне саяхат» атты танымдық сабақ

«Ертегілер еліне саяхат» Қ.Сәтбаев ауыл кітапханасында мектепалды сыныптың жас оқырмандарына арналған «Ертегілер еліне саяхат» атты танымдық сабақ өткізілді.
Іс‐шара барысында балалар орыс халық ертегісі «Үйшік» ертегісімен танысты. Ертегі желісі бойынша кейіпкерлерлердің іс‐әрекеттерін талқылады. Балалар ертегіні қызығушылықпен тыңдап, кейіпкерлерді атап, қойылған сұрақтарға жауап берді.