Республика күніне орай Майқайың кітапханасының балалар әдебиет бөлімі өлкетану мұражайымен бірлесе отырып, «Менің Отаным – Қазақстан» атты интеллектуалды ойын өткізді.
Іс‐шараның мақсаты – жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру.
Интеллектуалды ойын барысында жасөспірім оқырмандар еліміздің тарихы, мемлекеттік рәміздері, ұлттық құндылықтары мен туған өлкенің тарихына қатысты қызықты сұрақтарға жауап беріп, өз білімдері мен тапқырлықтарын көрсетті.