Сайын Мұратбековке арналған әдеби-танымдық кеш

Қ.Исабаев атындағы орталық аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен, Баянауыл көпсалалы колледж студенттерінің қатысуымен Сайын Мұратбековтің туғанына 90 жыл толуына орай мазмұнды әдеби‐танымдық кеш өтті.
Кеш шымылдығы «Қаламгер өміріне саяхат» айдарымен ашылып, жазушының өмір жолы, қаламынан туған оғландай туындылары мен баспасөз саласындағы елеулі еңбектері кеңінен сөз болды. Оқушылар «Біліміңді сынаға сал» кезеңінде автордың өмірбаяны мен шығармашылығына қатысты сұрақтарға белсене жауап беріп, өз білімдерін сарапқа салды.
Шара барысында жазушының «Менің қарындасым», «Райгүл», «Ананың арманы», «Жабайы алма» сынды әңгіме-повестерінің идеялық‐көркемдік ерекшеліктері талқыланды. Әсіресе, оқырман жүрегінен ерекше орын алған шоқтығы биік «Жусан иісі» повесі бойынша арнайы бейнежазба көрсетіліп, балалық шақ пен соғыс жылдарының ауыртпалығы, кішкентай Аянның тағдыры терең сөз болды. Жастар кейіпкердің ішкі жан дүниесі, адамгершілік, мейірімділік пен достық қасиеттер төңірегінде ой бөлісіп, шығармадан үлкен тәрбиелік тағылым алды.
Кітап – өткен мен бүгінді жалғайтын алтын көпір.