«Ауғанстан ақиқаты» атты кітап көрмесі

Майқайың кітапханасы, Майқайың өлкетану музейі және М.Әуезов

атындағы жалпы орта білім беру мектебінің » Жас сарбаз» сыныбымен

бірлесе Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл

толуына орай «Ауғанстан жүректегі жара» атты кездесу кеші өткізілді.

Мақсаты: Ауған оқиғасының тарихи шежіресін насихаттау, Ауған соғысының

ардагерлерін құрметтеу , жас ұрпақтың патриоттық сезімдерін оятып,

жауынгерлердің өмірін үлгі ету. Ауғанстанда болған қасіретті кезеңнің

үзінділері слайд арқылы көрсетілді. «Ауғанстан ақиқаты» атты кітап көрмесі

безендіріліп, оқырмандарға таныстырылды. Жас оқырмандар жауынгер

ақын Б.Смағұлдың » От пен Отан» кітабынан » Ауғандағы ақиқат»,

«Ауғанда болған ардагер»,»Армысың,Ауған аспаны» өлеңдерін мәнерлеп оқыды.