«Әлемдік жауһарлар сізбен бірге» атты көрме ойыны


Ұзынбұлақ ауыл кітапханасында, «Әлемдік жауһарлар сізбен бірге» атты көрме ойыны өткізілді.
Максаты : көрме -ойын арқылы балалардың сөздік қорын, ой-өрісінің дамуын,
бұрыннан таныс болмай келген кітаптар жайында айтылып, кішкентайлардың санасын ояту.
Шара барысында ертегілерге қатысты сұрақтар қойылды. Көңілді шара арқылы, балалардың
кітап оқуға деген қызығушылықтарын оятқым келді. Балалар іс-шараға белсенді қатысты.