Апталықтың 3ші күні Қ.Исабаев атындағы аудандық кітапханасының балалар әдебиет бөлімінде
оқушыларға кітаптың адам өміріндегі маңызы, кітаптың және балалар кітап күнінің шығу тарихымен
таныстыру, кітапқа деген қызығушылығын арттыру, білімге деген құштарлығын ояту, кітапты сүюге,
таза ұстауға тәрбиелеу мақсатында Ш.Шөкин атындағы мектептің 3 сынып оқушылар арасында
“Кітап-менің адал досым” атты таным сағаты өтті.
Іс-шара барысында оқушылар жұмбақтардың шешімін, мақал-мәтелдердің жалғасын тауып,
сүйікті ертегілерінің кейіпкерлерін айтып өтті. Белсене қатысқан оқушылар алғыс хатпен
және тәтті сыйлықтармен марапатталды.