Майқайың кітапханасында «Туған өлкемнің шексіз тарихы» жобасы аясында
№2 Майқайың жалпы орта білім беру мектебімен бірлесе туған жеріміздің
тарихын насихаттау, туған жерін, туған жер тарихын білуге қызығушылықтарын
ояту мақсатында «Туған өлке – тұңған шежіре» атты дивертисмент кеш өткізілді.
Кез келген азамат өзінің тарихына, мәдениетіне, салт — дәстүріне терең бойлай
алуы керек. Туған жерге сүйіспеншілік туған тарихыңды білуден басталады.
Отанымызды сүйіп, аялау үшін еліміздің, туған жеріміздің тарихын, оның өткені
мен бүгінін жақсы білу, борышымыз.
Шара барысында оқырмандарға «Туған өлкем — неткен көркем» атты кітап көрме
ұйымдастырылып, өлкелік әдебиеттер кеңінен таныстырылып, өлкеге қатысты сұрақтар қойылды.