Мұса Шорман ауыл кітапханасында “Жас оқырмандар” клубы мүшелерінің қатысуымен
“Кітап білім бұлағы” атты виктарина сайысы өткізілді. Қатысқан оқырмандар “Достық»
және “Бірлік” тобы болып екі топқа бөлініп кітап туралы мақал-мәтелдердің
қиындысынан құрастыру өткізілді. Оқырмандар өз ойларын ортаға сала отырып
мақал-мәтелдерді құрастырып шықты. Екі топқа жақсы, белсене қатысқандары үшін
силықтар таратылды. іс-шара соңында оқырмандармен “Тоғыз құмалақ” ойыны ойнатылды.