Мәшһүр Жүсіп ауылының кітапханасында, Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күніне орай,
«Кітап — рухани азық» атты танымдық сағат тұрақты оқырмандардың қатысуымен өткізілді. Сондай-ақ,
«Кітап тамшылары» атты кітап инсталяциясы ұйымдастырылып, шолу жасалды. Шара аясында викториналық
сұрақтар қойылып, «Кітап — тарих, шежіре» слайды көрсетіліп, оқырмандар оқыған ертегілерін айтып
берді. Шараның мақсаты: кітаптың адам өміріндегі маңызы мен білімнің пайдасы жөнінде айту, жас
ұрпақтың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, білімге құштарлығын ояту және кітапты таза ұстауды,
бағалауды әдетке айналдыруды, білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру.