Майкөбе ауылының кітапханасы және ауылдық клубы бірлесе, Қазақстан халқының
ынтымағы мен бірлігі мерекесіне орай, «Тұғыры биік татулық» атты тақырыпта
дөңгелек үстел өткізілді. Аталмыш мереке елімізде 1996 жылдан бастап аталып
өтуде. Бұл ұлтаралық және дінаралық татулықтың белгісі, келісімнің сақталуы.
Өткізілген шараның негізгі мақсаты: Оқырмандарға халықтар арасындағы достықты
нығайту, Қазақстанның өркендеуіне достық арқылы өз үлестерін қосуға баулу.