Жалғызқайын ауылының кітапханасы және Д.Рахметов атындағы ЖББМ кітапханасының
бірлесе ұйымдастыруымен, 1 Мамыр — Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай
“Ынтымақ — түбі береке” тақырыбында жасөспірімдердің қатысуымен дөңгелек үстел
өткізілді. Шара барысында, ауылымыздағы өзге ұлт өкілдерімен жақсы қарым қатынаста
болып, әр ұлттың салт-дәстүріне, әдеп-ғұрпына мән беріп, өзара сыйластық білдірген
жөн екенін сөзге тиек еттік. Қазақстан халықтарының бірлігі күні құтты болсын!
Еліміз көркейіп, халқымыз бай-қуатты болсын!