Қазақстан халқының бірлігі күніне орай, Аймауытов ауылының кітапханасында
жас оқырмандардың қатысуымен «Біздің тілегіміз достық» атты танымдық сағат
өткізілді. Шара барысында жас ұрпаққа Қазақстанның көп ұлтты ел екенін,
олардың бір шаңырақ астында тату-тәтті тұрып жатқаны жайлы түсінік беріліп,
халықтар арасындағы достықты, татулықты нығайту. «Менің отаным Қазақстан»
атты көрме қойылып, Отанын, елін, жерін сүюді, құрметтеуді жас ұрпаққа насихаттау.