Ақсан ауылының кітапханасы және Ақсан ауыл мәдениет үйімен бірлесе 7 — Мамыр
Отан қорғаушылар күніне орай «Ұлттық рухтың қайнары» атты сұхбат кеші өткізілді.
Кешке Д.Рахметов атындағы ЖОББМ-нің 10 сынып оқушылары қатысты.
Мақсаты: Жас ұрпақты Отанды сүюге, қазақ елінің рәміздерін қастерлеуге, туған жеріне
деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Әдеп-ғұрпын, тілін құрметтейтін, жаны таза,
адамгершілігі мол, өз Отанын сүйетін азаматты қалыптастыру, патриоттық сезімге баулу.
Бұл мереке әр кезде де батылдық пен ерліктің, қапармандықтың символы, Отанға деген
сүйіспеншілік пен адалдықтың өлшемі екені туралы кеңінен айтылды. Сондай-ақ кешке
қатысқан оқушылар өз ойларын ортаға сала отырды.