“Дені саудың, рухы сау” атты денсаулық сағаты

Майқайың кітапханасында, тұрақты оқырмандардың қатысуымен медбике Г.Аужанованың қатысуымен
“Дені саудың, рухы сау” атты денсаулық сағаты өткізілді. Мақсаты: жас ұрпаққа адам денсаулығының
қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екенін түсіндіру, тазалық, жеке бас
гигиенасын, мәдени дағдыларын қалыптастыру үшін денсаулық туралы әдебиеттерді оқуға насихаттау.
Кентіміздің медбикесі Г.Аужанова оқырмандарға салауатты өмір сүру салты дұрыс тамақтану мен
тазалықтан, спортпен шұғылданудан басталатыны жөнінде және зиянды әдеттерден аулақ болу қажеттілігін
түсіндіру барысында қысқаша мағлұматтар берді. Әрбір адам өз денсаулығына көңіл бөліп, оны
сақтауы, нығайтуы тиіс екендігіне тоқталып, денсаулықтың қадірін біліп, бағалау керектігі айтылды.
Жалпы әрбір адам бақытты өмір сүру үшін салауатты өмір сүру салтын ұстану керек деп медбике
ойларын тұжырымдады. Шара барысында “Денсаулық — өмір негізі” атты кітап көрмесі ұйымдастырылып,
библиографиялық шолу жасалды.