«Қазақ поэзиясының құлагері» атты әдеби сағаты

Ақши ауылының кітапханасында, ақын, қоғам қайраткері
Ілияс Жансүгіровтың туғанына 130жыл толуына орай
«Қазақ поэзиясының құлагері» атты әдеби сағаты өткізілді.

Қазақ ақыны, драматург, прозаик, фельетоншы, сатирик, журналист,
аудармашы және қоғам қайраткері. Қазақстан жазушылар одағының тұңғыш
төрағасы — Ілияс Жансүгіров 5 мамыр күні 1894 жылы Алматы облысына
қарасты Ақсу ауданында дүниее келген. Алғашында өз әкесінен, ауыл
молдаларынан сауатын ашқан. Қарағаш ауылында жәдитше бастауыш мектепті
бітіреді. 1919 жылы Ташкенттегі екі жылдық мұғалімдік курсқа түседі.
Оқуын бітірген соң өз ауылында мұғалім болып, кейін «Тілші» газетінде
қызмет атқарады. 1922 жылы Алматыда Қазақ ағарту институтының меңгерушісі
болып тағайындалады. 1925 жылы Мәскеуге Журналистика институтына оқуға
түседі. 1928 жылы институт бітірген соң, «Еңбекші қазақ» газетіне
қызметке жіберіледі. Жансүгіров шығармалық жұмыспен қатар Қазақстан
Жазушылар одағын ұйымдастыру ісіне де белсене қатысқан. Бұрынғы ҚазАПП
(1926) таратылған соң 1932 жылы Жазушылар одағын ұйымдастыру комиссиясының
төрағасы болып сайланады. 1934 жылы өткен 1-съезде Қазақстан жазушылар
одағының алғашқы төрағасы болып сайланды. 1934–1937 жылдары Қазақ саяси
баспасының редакторы болып қызмет етеді. 1933–1936 жылдары Қазақ АКСР
ОАК-нің мүшесі. 1937 жылы НКВДмен тұтқындалды. 1938 жылы ату жазасына
кесілген. 1958 жылы ҚазақКСР Жоғарғы сот шешімімен қылмыстық құрамның
болмауына байланысты ақталды.
Ілияс Жансүгіров 1938 жылы 26 ақпанда Алматыда дүниеден өтті.