“Ғылым таппай мақтанба” атты интеллектуалды сайыс

Ұзынбұлақ ауылының кітапханасында, Халықаралық Жастар күніне орай
“Жастармен бірге” ұлттық жастар онкүндігі аясында, жастардың қатысуымен
“Ғылым таппай мақтанба” тақырыбында интеллектуалды сайыс өткізілді. Сайыс
викторина, “тауып көр” және сұрақ-жауап негізінде жүргізілді. Шара барысында
қатысушылар екі топқа бөлініп, ойынға белсене қатысып, өз білімдерін шыңдады.