Интеллектуалды сайыс — “Ғылым таппай мақтанба”

Аймауытов ауылының кітапханасында, Халықаралық Жастар күніне орай
“Жастармен бірге” ұлттық жастар онкүндігі аясында, жастардың қатысуымен
“Ғылым таппай мақтанба” тақырыбында интеллектуалды сайыс өткізілді.
Сайыс сұрақ-жауап негізінде өтті. Шара барысында қатысушылар екі топқа
бөлініп, Абай шығармаларын талдап, асыл сөздерінің жалғасын тауып,
ойынға белсене қатысып, білімдерін шыңдады.