Ақсан ауыл кітапханасында ҚР Конституция күніне орай “Елдің тірегі Ата заң” атты
тарихи сағат өткізілді. Шараның негізгі мақсаты оқырмандардың бойынан Отанға деген
сүйіспеншіліктерін, патриоттық сезімдерін ояту. Қазақстанның келешегі жастар екеніне
көз жеткізу. Ата Заң азаматтың арқа сүйер алтын арқауы. Біздің бүкіл тыныс-тіршілігіміз,
өмір салтымыз, барлығы заңнан бастау алады. Ата Заң әрбір азаматтың конституциялық
құқын танытатын, әр қазақстандық бұлжытпай орындайтын заңдардың темірқазығы екені
туралы түсінік берілді.