Тәуелсіз еліміздің тұғыры — Ата Заң күні. Тұғыры биік еліміздің, азаматтығымыздың
айнымас айғағы Ата заңымыз осыдан 29 жыл бұрын, яғни 1995 жылы 30 тамызда Негізгі
Заңымыз — еліміздің конституциясы қабылданды. Кез келген мемлекеттің, ел тәуелсіздігін, демократиялық құндылықтарды айқындайтын негізгі құжат Конституция болып табылады.
Осы күнге орай жас ұрпаққа Ата заңымызды құрметтеуге, қорғауға және де рәміздерімізді
қастерлеп биік ұстауға, сондай-ақ елінің ұлтжанды патриоты болуға баулу мақсатында
Егіндібұлақ ауыл кітапханасында «Ата заңым — Айбыным» атты патриоттық сағат өткізілді.