«Туған жердің тұғырлы перзенті» атты өнер сағаты

Ақсан ауыл кітапханасы және Д.Рахметов атындағы ЖОББМ-мен бірлесе қазақтың
бейнелеу өнерінде алақанының ыстық табын қалдырған біртуар суретшінің бірі
Нағымбек Нұрмұхамедовтың туғанына — 100 жыл толуына орай «Туған жердің тұғырлы
перзенті» атты өнер сағаты өткізілді.
Нағымбек Нұрмұхамедов Баянауыл ауданында дүниеге келген. 1940 — 1942 жылдары
Алматы театр-көркемсурет училищесінде, 1947-1953 жылдары Санкт-Петербург
кескіндеме, мүсін және архитектура институтында білім алған. Еңбектері Канада,
Бельгия, Югославия және Финляндия көрмелерінде қойылды. Шара барысында суретшінің
өмірі мен шығармашылығы туралы айтылып, Нағымбек Нұрмұхамедовтың еңбектері
туралы кеңінен насихатталды.
Нағымбек Нұрмұхамедовтың қазақ өнерінің дамуына зор құрметтің белгісі болып,
болашақ ұрпаққа мол мұра.