«1 қазан – Халықаралық қарттар күніне» мерекелік кеш

Ардагерлерді құрметтеу, олардың сөзіне құлақ асу – қазақтың қанына
ата‐бабаларымыздан біткен қасиет. 1990 жылы БҰҰ‐ның қаулысымен
«1 қазан – Халықаралық қарттар күні» болып жарияланды. Бұл мереке
ардагерлерге қамқорлық көрсететін, бүгінгі қоғамның дамуына үлесін
қосқан алдыңғы буын аға‐апаларымызға ризашылық білдіретін күн.
Жоғарыда аталып өткен мейрам аясында, Қ.Исабаев атындағы орталық
аудандық кітапхана қабырғасында ақылдың кеңін арқалаған ақ жаулықты
аналарымызға арналған мерекелік кеш өткізілді.
Мерекелік шара барысында еңбегінің зейнетін көріп жүрген аналарымызға
балалар арнайы өлең жолдарын оқып, ән шашуларын паш етті.
Сондай‐ақ, мерекелік шара аясында кеш қонақтары өздерінің өмірлік
тәжірибелерімен ой бөлісіп, ақыл‐кеңестерін беріп, мерекелік шараны
ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.
«Ақылды қария — ағынды дария» ‐дегендей, отырса — от басында,
көшсе — көш басында жүрген аға‐апаларымыздың қатары азаймасын.
Мереке құтты болсың!