«Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаев» атты тарихи кеш

Ақсан ауыл кітапханасында Ұлы Отан соғысының ардагері, халық қаһарманы
Рақымжан Қошқарбаевтың туғанына — 100 жыл толуына орай «Халық қаһарманы
Рақымжан Қошқарбаев» атты тарихи кеш өткізілді
Қазақ халқының қаһарман ұлы Рақымжан Қошқарбаевтың өмір жолына мәлімет
беру, ерліктерін насихаттау бүгінгі ұрпаққа елін, жерін қорғай білуге,
ерлікке, ұлтжандылыққа баулу мақсатында
Аталмыш шара барысында Рақымжан Қошқарбаевтың өмірі мен ерліктері туралы айтылды.
Берлиндегі Рейхстагқа Жеңіс туын тіккен қазақ Рақымжан Қошқарбаев 1924 жылы
19 қазанда Ақмола облысының Тайтөбе ауылының маңындағы қыстақта дүниеге келген.
Руы — Арғын, оның ішінде Қуандық — Темеш. Рақымжан Қошқарбаев он үш жасында
балалар үйіне түседі. Рақымжан Қошқарбаевтың төрт жасында анасы дүниеден өтіп,
әкесі жалған саяси жаламен сотталып, ГУЛАГ лагеріне айдалған. Осылайша он үш
жасынан жетім қалған Р.Қошқарбаев Тайтөбе балалар үйінде тәрбиеленеді. Жеті жылдық
мектепті бітірген соң ол Балқаш қаласындағы фабрика-зауыт училищесіне жіберілді.
Соғыс басталғанда Р.Қошқарбаев 16 жаста болды.
1945 жылы 16 сәуірде Рақымжан Қошқарбаев бас болған шабылдаушы взвод Ордер
өзенінің бас жағалауындағы Гроенойндроф елді мекендегі жаудың бетін қайтарды.
Осы судан ары кеңес әскерін өткізбей, немістер тоқтаусыз оқ жаудырып тұрған.
Атылған оқтың астымен жорғалаған Р.Қошқарбаев взводы немістердің тұрағының
үстіне түсіп, бетпе-бет соғысады.
40 немісті қырып, үлкен калибрлі 3 пулеметті қолға түсіреді. 1945 жылдың
29 сәуірінде Шпре өзені маңында қанды қырғын болады. Тағы да жауға Рақымжан
Қошқарбаевтың взводы тойтарыс береді.
Осындай ерліктің ерен үлгісін көрсетіп, артына өшпес із қалдырған ердің
ісін ұмытпай тарихымызды бүгінгі ұрпаққа кеңінен насихаттау. Елім деп
туған ерлердің есімі бір ғасыр өтсе де, ел есінде сақталары сөзсіз.
Қазақтың Рақымжандай дара да дана батыры ешқашанда ұмытылмайды.