Бірлік ауыл кітапханасында, Халықаралық нан күніне орай
«Ең тәтті нан» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып,
ұжымдар арасында байқау өткізілді. Байқауға қатысқан әр
қатысушы өзінің ұннан пісіріп әкелген «бауырсақ тәтті тоқаш,
самса, буға піскен нан, шелпек, сұлыдан тәтті тоқаш» тағамдарын
таныстырып өтті. Шараға мәдениет үйі ұжымы ат салысып қатысты.
Байқау соңында қатысушыларға сый-сипат көрсетілді.