Аймауытов ауыл кітапханасында «Бір ел — бір кітап» акциясы аясында,
Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, жазушы, ақын, сценарист Бердібек
Соқпақбаевтың туғанына 100 толуына орай «Балалар әдебиетінің бәйтерегі»
атты әдеби кеш өткізілді. Іс-шара барысында оқырмандар жазушының өмір
жолы мен биылғы жылы ел болып оқуға ұсынылған «Жекпе-жек»,
«Менің атым — Қожа», «Балалық шаққа саяхат» және тағы да басқа
шығармаларымен таныстырылып, олардың маңызы мен тәрбиелік мәні
зор ғибрат алатын әсерлі ойлары жайлы айтылып, «Қазақ балалар
әдебиетінің мұрасы» атты кітап көрмеге шолу жасалды.
Мақсаты: келешек ұрпақтың рухани адамгершілік және патриоттық
сезімдерін ояту, кітап оқуға деген қызығушылықтарын
арттыру, кітап оқуды насихаттау.