25 — қазан Республика күні барша қазақстандықтар үшін аса айтулы күн!
Бұл күн — еліміздің тәуелсіздігі мен бірлігінің символы. Осы күнге орай
Егіндібұлақ ауыл кітапханасында жас оқырмандардың қатысуымен
«Менің Отаным — Қазақстан» атты интеллектуалды ойын өткізілді.
Бүгінгі таңда елімізде халықтар достығы сақталып, еліміз тату-тәтті өмір
сүруде. Тәуелсіз Қазақстанымыздың тарихы терең және кең екенін әр азамат
білуге тиіс, осындай игі іс-шаралар арқылы жас ұрпақтың бойына елімізге
деген сүйіспеншіліктерін, патриоттық сезімдерін арттыру және де өз
тарихын білуге, оны құрметтеуге баулу.