“Кемел Ақышев — Қазақстан археологиясының темірқазығы” атты тарихи тұлға сағаты

Ақсан ауыл кітапханасы және Д.Рахметов ЖОББМ‐нің бірлесе ұйымдастыруымен Археолог,
тарих ғылымының докторы, қазақ археология ғылымының негізін қалаушылардың бірі
Кемел Ақышевтің туғанына — 100 жыл толуына орай “Кемел Ақышев — Қазақстан археологиясының темірқазығы” атты тарихи тұлға сағаты өткізілді. Мақсаты: Оқырмандарды ғалым
Кемел Ақышевтің өмірі және ғылыми қызметімен таныстыру.
Іс‐шара барысында Кемел Ақышевтің өмірі мен шығармашылығы туралы айтылды.
1969 жылы Есік қорғанынан алғаш “Алтын адам” табылғанда әлем назары Қазақстанға
ауды. Міне, сол Есік өзенінің сол жақ жағалауындағы темір дәуірінен сақталған
сақ обасынан табылған алтын киімді сақ жауынгерінің мүрдесін белгілі археолог
Кемел Ақышев тапқан еді. Кемел Ақышев археологияның арқасында есімі тарихта
қалған белгілі ғалым. Кемел Ақышев Қазақстан археологиясының негізін қалағанымен
қатар, үлкен мектеп қалыптастырып кетті. Оның бізге белгілі 200 ғылыми еңбегі
мен 15 кітабы бар. Кемел Ақышевтің есімі Қазақстанның академиялық археологиясын
ұйымдастырушы, отандық гуманитарлық ғылымның дамуына зор үлес қосқан ғылым
ретінде кеңінен танымал. К.Ақышевтің ғылымда қалдырған мұрасын әлемдік мәдениетке
қосқан баға жетпес қазынасын насихаттау. Сондай‐ақ, ұлттық тарихымызды ғана емес,
дүниежүзілік тарихты да байытқан қазба жұмыстарын дәл Кемел Ақышев жүргізген
деп мақтанышпен айта аламыз.