«Бейімбет Майлин әңгімелерінде терең шыншылдық бар, адам бейнесі, қарым‐қатынастары
әрдайым нанымды болып шығады. Бұл шығармалардың түр үлгісінде дөңгелек келген
тұтастық айқын аңғарылады» ‐деп жазған Мұқтар Әуезов.
Жазушы әңгімелерінде өз заманының шындығын мәлімдеп, қоғам тіршілігінің көрінісін
реалистік тұрғыда көрсеткен дара тұлға. Шығармалары мен өлеңдерінің кейіпкерлері
рқылы халықтың мұңын, өмірін суреттеп қана қоймай, өз терең ойлары мен ұстанымдарын
жеткізе алған.
Майлин қазақ әдебиетінің тарихында өшпес із қалдырды. Оның «Шұғаның белгісі» повесі,
«Азамат Азаматович» романы, «Байдың қызы», «Мырқымбай» поэмалары сияқты шығармалары
оқырмандар мен жазушылардың жаңа буындарын қуантып, шабыттандырып келеді.
Осыдан 130 жыл бұрын есімі қазақ әдебиеті тарихының алтын беттерінде мәңгілік
қалатын жазушы дүниеге келді. Бейімбет Майлин – тек жазушы ғана емес, әдебиеттегі
шындық, әділдік, адамгершілік үшін күрестің символы.
Атақты жазушы, ақын, қазақ әдебиетінің қалыптасуына зор үлесін қосқан
Бейімбет Майлиннің туғанына биыл 130 жыл толуына орай Қ.Исабаев атындағы
аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен «Ұлы заман тұлғасы» атты
Шапық Шокин атындағы ЖОББМ‐нің 8 сынып оқушыларының қатысуыменен
әдеби‐танымдық кеші өткізілді.