“Қауіпті дертке — берік тосқауыл” атты денсаулық сағаты

Ақсан ауыл кітапханасында Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орай
“Қауіпті дертке — берік тосқауыл” атты денсаулық сағаты өткізілді.
Мақсаты: Оқырмандарға шылым шегудің, ішімдіктің, нашақорлықтың,
СПИД-тің адам ағзасына зиянды әсерлерін ашып көрсету, СПИД-тің қазіргі
таңдағы адамзаттың басты проблемасы екенін, оның зиянды жақтарын түсіндіру,
зиянды заттардан барынша аулақ болуға, салауатты өмір сүре білуге шақыру,
солардың салдарынан туатын аурулар туралы оқырмандардың сана-сезімдерін
дамыта түсу.
Іс-шара барысында оқырмандарға СПИД ауруының адам өмірі үшін қатерлі,
жұқпалы екенін және одан сақтану жолдары туралы түсінік берілді.
Сондай — ақ аурудың алдын алу шаралары мен берілу жолдары туралы
(қан арқылы, анадан балаға т.б) айтылып өтті. Оқырмандарға мағыналы
мәліметтер берілді.