Ұзынбұлақ ауыл кітапханасында “Дәстүр” клубы мүшелерінің қатысуымен “Әйел жаны-әлемнен де күшті” атты библиокафе ұйымдастырылып, өткізілді. Шара барысында кітапхананың бай кітап корын насихаттау мақсатында қатысушыларға ең үздік, мазмұны терең әртүрлі жанрдағы кітаптар ұсынылды. Библиокафеде қатысушыларға арналған, кітаптардан құрылған алты мәзір дайындалды. Шараға келген әжелер әр қойылған кітап мәзірімен танысып, ұнатқан кітабынан үзінділер оқып, әдеби әлемдегі мәселелерді талқылады.