«Біз кітаппен біргеміз» атты әдеби сағат

Егіндібұлақ ауыл кітапханасында «Оқы, талқыла, суретте» жобасы
аясында «Біз кітаппен біргеміз» атты әдеби сағат өткізілді.
Іс-шара барысында балалардың кітапқа деген қызығушылықтарын
арттыратын ертегілер мен әңгімелер оқылды және де мақал-мәтелдер
айтылып, жұмбақтар жасырылды.