«Тарихынды таны, тұлғаңды құрметте»

Қ.Исабаев атындағы орталық аудандық кітапхананың балалар әдебиет бөлімінде
«Сыбызғы сырлы Баяным» атты клубтың ұйымдастыруымен «Тарихынды таны,
тұлғаңды құрметте» тақырыбындағы тарихи сағаты өткізілді.

Шара Баянауыл МҰТП‐нің қызметкерлері, экскурсия жөніндегі нұсқаушы
Құрманов Алтынбек, ғылыми қызметкер Жаслан Мұрат пен табиғатты пайдалану
жөніндегі инженер Имантаева Санияның қатысуымен өтті.

Шара барысында оқу залының кітапханашысы Гүлсара Қарабекова өлке тарихына
қатысты безендірілген кітап көрмесін таныстырып өтті. Әрі қарай ұлттық парк
қызметкерлері, қазақ халқының алтын бесігі, тарихы терең, табиғаты бай
өлке — Баянауыл жайлы ақпараттармен бөлісіп, Республикалық
«Таза Қазақстан» акциясын насихаттау мақсатында шараға
қатысушылармен қарағай ағашының тұқымын отырғызды.

Іс‐шара соңында бұл мекеннің өнері мен ғылымына, мәдениетіне сіңіп, руханиятын
қалыптастыруға үлес қосқан тұлғалар жайлы сөз қозғалып, олардың бүгінгі
ұрпақтары үшін қашанда үлгі болып қала беретіндігі айтылды.