Қ.Исабаев атындағы орталық аудандық кітапхананың балалар әдебиет бөлімі
1 наурыз — Алғыс айту күніне арнап іс-шара ұйымдастырды. Бұл мереке
ұлттар мен халықтар арасындағы достық пен бірлікті, өзара құрмет пен
көмектесуді дәріптейді. Кітапханашылар мен оқушылар бұл күні бір-біріне
жақсы тілектер айтып, өткен уақыттағы жақсылығын еске түсірді.
Іс-шара барысында оқушылар бір-біріне алғыс білдіріп, өзара көмек пен
қолдаудың маңыздылығын атап өтті. Кітапхана қызметкерлері осы күні әдеби
шығармалар арқылы мейірімділік, өзара сыйластық туралы әңгімелеп,
кітаптармен бөлісіп, оқу мәдениетін насихаттады.