«Жүрегі жырдан жаралған» поэтикалық көңіл-күй сағаты

Биыл Қазақстанның Халық жазушысы, ақын, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының
лауреаты Тұманбай Молдағалиевтің туғанына 90 жыл толды. Осы күнге орай
Қ.Исабаев атындағы аудандық кітапхананың балалар әдебиет бөлімі
«Жүрегі жырдан жаралған» атты поэтикалық көңіл-күй сағатын өткізді.
Іс-шараға Ш.Шокин атындағы ЖОББ мектебінің 3 «А» сынып оқушылары шақырылды.
Балалар жақсы дайындалып, шара барысында ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқыды.
Іс-шара Тұманбай Молдағалиевтің өмірі мен шығармашылығы туралы
бейнероликпен толықтырылды.