Майқайың кітапханасының балалар әдебиет бөлімінде, Халықаралық балалар
кітабы күніне орай «Кітап — рухани байлық» атты әдеби кеш өткізілді.
Шара барысында «Құрметтейік кітапты» атты көрме ұйымдастырылды.
Мақсаты: Балаларға кітаптың адам өміріндегі маңызын, кітапқа деген
қызығушылығын арттыру, кітапхана мен оқырман арасын жақындату.