«Әдебиет әлеміндегі монополия»

23 сәуір — Ұлттық кітап күніне орай Қ.Исабаев атындағы орталық аудандық
кітапханасының балалар әдебиет бөлімінде 3 сынып оқушыларымен
«Әдебиет әлеміндегі монополия» атты үстел ойыны өткізілді.

«Әдебиет әлеміндегі монополия» — қазақ әдебиетінің классикалық және
заманауи туындыларына негізделген танымдық үстел ойыны. Бұл ойын
оқушылардың әдеби білімін тереңдетіп, шығармашылық ойлау
қабілетін дамытуға бағытталған.

?Ойын барысында оқушылар әдеби шығармалар мен авторларға, кейіпкерлер
мен жанрларға байланысты ұяшықтарға тоқтай отырып, тиісті сұрақтарға
жауап беріп, арнайы тапсырмаларды орындады. Дұрыс жауаптар арқылы
«білім монеталарын» жинады. Жеңімпаз — ең көп ұпай жинаған,
әдебиетке қызығушылығы жоғары қатысушы болып табылады.