Шоманкөл ауыл кітапханасында жас оқырмандар және Шоманкөл мектебінің ұстаздарының
қатысуымен Ұлттық кітап күніне орай «Оқы, оқы және оқы» атты әдеби сағат өтті.
Шара барысында «Кітап білім бұлағы» көрмесіне шолу жасалды. Жас оқырмандар өздерінің
сүйіп оқитын кітаптарын атап, ұлы ақын Абай Құнанбайұлының өлеңдерін жатқа оқыды.