«Біз кітаптарды бірге оқимыз»

Жарылғап ауыл кітапханасында, 23-Сәуір Ұлттық кітап күніне орай «Біз кітаптарды
бірге оқимыз» атты кітап көрмесі безендіріліп, интеллектуалды ойын өткізілді.
Іс-шараның мақсаты: Оқушыларға кітаптың құндылығын түсіндіру, бірге ертегі
оқып мазмұнын ұғынуға бағыттау, шығармашылық тапсырмалар арқылы ойлау
қабілеті мен қиялын дамыту.