Ұзынбұлақ ауыл кітапханасында Ұлттық кітап күніне орай “Кітап — дүниетанудың
кілті“ атты әдеби калейдоскоп ұйымдастырылды. Шараға ауылдың мектеп ұстаздары
қатысты. Калейдоскоп аясында түрлі жанрдағы әдебиеттерге шолу жасалып,
қатысушылар кітаптардың мазмұны мен тәрбиелік мәні жайында ой бөлісті.
Шара барысында кітап көрмесіне қойылған ақпараттық материалдар таныстырылып,
ұстаздар өзара пікір алмасып ,кітап оқу мәдениеті туралы еркін диалог өрбітті.