
Майқайың кітапханасында, Қазақстан халқының бірлігі күніне орай
«Татулық — достықтың киелі мекені” атты әдеби-сазды кеш өткізілді.
Мақсаты: Ел ішіндегі түрлі ұлт пен дін өкілдерінің бір- біріне
деген сый-құрметтерін арттырып татулықты, ортақ құндылықтарды
дәріптеу, ынтымаққа, достыққа, өз Отанын сүюге насихаттау.
Шара барысында кентіміздің әр ұлт өкілдері өз тілдерінде
құттықтап, жылы лебіздерін білдірді. “Қазақстан — достық мекені”
атты кітап көрмесі ұсынылып, библиографиялық шолу жасалды.