Қ.Исабаев атындағы орталық аудандық кітапханасының балалар әдебиет бөлімінде
“Білім әлеміне — кітап арқылы!” атты оқырмандар арасында қызықты сұрақ‐жауап кеші өтті.
Оқырмандармен жүргізілген сұрақ‐жауап кеші өте мазмұнды әрі әсерлі өтті.
Бұл шарада тек кітаптар жайлы емес, сонымен қатар оқырмандардың ойы,
қызығушылығы мен қиялы туралы да көп нәрсе айтылды.
Кеш барысында әр бала өз пікірін білдіріп, сүйікті кейіпкерлері жайлы ойларымен бөлісті