«Бала – еліміздің ертеңі»

1 Маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Лекер ауылдық клубы мен ауыл кітапханасының ұйымдастыруымен «Бала – еліміздің ертеңі» атты музыкалық кеш өткізілді.
Іс‐шара барысында балалар ән шырқап, күй тартты, жұмбақтар шешіп, белсенді түрде қатысып отырды. Сонымен қатар, түрлі спорттық ойындар ұйымдастырылып, балалардың көңіл‐күйі көтеріңкі болды. Шара соңында балаларға тәттілер таратылып, мерекелік көңіл‐күй сыйланды.