Қ.Исабаев атындағы орталық аудандық кітапханасының балалар әдебиет
бөлімінде 4 маусым — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер
күніне орай, “Тарих бетіндегі үш символ” атты танымдық квест‐викторина
өтті. Іс‐шараның мақсаты — оқырмандарға мемлекеттік рәміздер туралы
тереңірек мағлұмат беру, Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру
және тарихи сана қалыптастыру.
Квест барысында қатысушылар Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұран туралы сұрақтарға жауап беріп, әртүрлі тапсырмаларды орындады. Әр кезеңде тарихи деректер мен қызықты фактілер ұсынылып, қатысушылардың білімдері мен жылдамдықтары сыналды.