«Кітапхана шақырады» кітапханаға саяхат

Қ.Исабаев атындағы аудандық кітапханасының балалар әдебиет бөлімінде,
балаларды кітапхана және кітаппен таныстыру, кітапқа қызығушылығын
арттыру мақсатында Баянауыл балабақшасының тәрбиеленушілерінің қатысуымен
«Кітапхана шақырады» атты кітапханаға саяхат өткізілді.
Шара барысында балалар кітапханамен, түрлі ертегілермен, суретті
кітаптармен танысып, ойындар ойнатылып ертегі қойылымы қойылды.
Шара соңында балаларға мультфильмдер көрсетілді