«Кітапхана — білімнің күншуағы» атты буккросинг

Майқайың кітапханасының балалар әдебиет бөлімінде жазғы лагерьдегі
балалармен балаларды кітап оқуға шақыру, кітапханаға оқырмандарды
тарту мақсатында «Балалыққа кітаппен барар жол» жазғы оқу жобасы
аясында «Кітапхана — білімнің күншуағы» атты буккросинг өткізілді.
Шара барысында буккросинг бұрышы ұйымдастырылып балалар қызықты
әдебиеттермен танысып, квест ойыны ойнатылды.