«Отан жүрегі – Астана» атты танымдық-ойын

6 шілде – Астана күніне орай Қ.Исабаев атындағы аудандық кітапхананың балалар әдебиет
бөлімінде «Отан жүрегі – Астана» атты танымдық-ойын форматында интерактивті іс-шара өткізілді.
Мақсаты – балаларға еліміздің бас қаласы Астана туралы мағлұмат беру, патриоттық сезім
қалыптастыру, зияткерлік ой-өрістерін дамыту. Іс-шара барысында қатысушылар елорда тарихы мен
сәулет нысандары, рәміздер мен мәдени мекемелер туралы қызықты мәліметтермен танысты.

Интерактивті ойын бірнеше кезеңнен тұрды:
🔹 «Астананы білесің бе?» атты сұрақ-жауап бөлімі;
🔹 «Ғимараттар сөйлейді» атты сурет арқылы тапқыштық сайысы;
🔹 Логикалық және сергіту тапсырмалары.
Балалар белсенділік танытып, білімдерімен бөлісті, топпен жұмыс жасап,
достық қарым-қатынас орнатты.