«Қазақтың үні — қасиетті домбыра»

Қазақ ұлты домбыраны қасиет тұтып, айрықша қастерлеген. Өйткені ол – Ұлы даланың сан ғасырлық
тарихынан сыр шертетін, бабалардың үніндей болып, мыңжылдықтар шежіресін баян ететін киелі аспап.
Әйгілі ақын Қадыр Мырза Әлидің: «Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра», — дегендей
Қ.Исабай атындағы аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен қазақ халқының ұлттық аспабы — домбыраның
тарихы мен ерекшеліктерін насихаттау мақсатында «Қазақтың үні — қасиетті домбыра» атты шарасы
С.Торайғыров атындағы Мәдениет үйінің қызметкерлерінің қатысуымен өткізілді. Шара барысында
домбыраның тарихы мен ерекшелігі туралы айтылып, дәстүрлі әнші Жакупова Самал Кадет қызы өзінің
домбыраны неше жасынан бастап әуес болғанын айтып, жылы лебізін арнап, қасиетті аспап
домбырасымен «Сәулем» атты әнін орындап берді.