«Еңселі Елорда, асқақтаған Астана» атты танымдық сағаты

Ақсан ауыл кітапханасында Астана күніне орай «Еңселі Елорда, асқақтаған Астана» атты танымдық сағат өткізілді.

Мақсаты: Оқырмандарға әсем қаламыз Астана туралы мәлімет беру.

Шара барысында оқырмандарға еліміздің бас қаласының қалыптасу тарихымен, даму кезеңдері туралы айтылды.
Сондай‐ақ, Елорданың ел бірлігін бекемдеп, болашаққа жол сілтейтін орда екені кеңінен насихатталды.