«Сәулеті сұлу, айбыны асқақ Астана» атты дөңгелек үстел

Ұзынбұлақ ауыл кітапханасында Астана күніне орай «Сәулеті сұлу, айбыны асқақ Астана» атты
тұрақты оқырмандардын қатысымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Шарада Астананың тарихы жайлы
мағлұмат беріліп, қатысушылар елорда туралы пікірлерімен бөлісті. Астана жайлы өлеңдер оқылып,
«Астанам — мақтанышым» атты кітап көрмесіндегі кітаптар таныстырылды.