«Шоқтығы биік — Шоқан» атты библио керуен

Қаражар ауыл кітапханасында Қазақстанда туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің бірі,
шығыстанушы, тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ, ағартушы Шоқан Шыңғысұлы Уалихановтың туғанына 190 жыл
толуына орай «Шоқтығы биік — Шоқан» атты библио керуен өткізілді. Шара барысында Шоқан Уалихановтың өмірі
мен шығармалары туралы деректер айтылып, көрмеге қойылған кітаптары насихатталып, еңбектері жайлы мәлімет берілді.