10 шілде күні Қ. Исабаев атындағы аудандық кітапханасының балалар әдебиет
бөлімінде «Журнал сенің сенімді серігің» атты танымдық сағат өтті.
Іс-шараға З.Ақышев атындағы мектеп жанындағы сауықтыру лагерінің балалары
қатысты. Балалар қызықты, танымдық, жарқын, түрлі-түсті журналдармен танысты,
оқушылар әсіресе ойындар, ребустар, басқатырғыштар бар журналдарға
қызығушылық танытты. Кітапханашылар кітапхананың жас оқырмандары арасында
танымал газеттерге шолу жасады, сондай-ақ жастарына қарай қажетті журналдар ұсынды.
Танымдық сағатымыз балалар журналдары мен газеттері арқылы кітап оқу мәдениетін
насихаттау, оқу белсенділігін арттыруды мақсат етеді. Іс-шарада балаларға «Балдырған»,
«Ақжелкен», «Асыл сөз», «Айгөлек», «Алан KIDS», «Балақан», «Журнал сказок»,
«Балалар әлемі» сияқты газет-журналдар жайлы айтылды.